Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 248 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 3 наурыздағы
 N 248 қаулысымен
 бекітілген
"Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі  - Техникалық регламент) артық қысымы 1,6 МПа аспайтын сұйылтылған көмірсутекті газдар үшін газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларын жобалауға, өндіруге (салуға) және пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді. 
2. Газ құятын станциялар мен газ шығыны қондырғыларының құрамдас бөлшектерін (дайын өнімді) теңестіру жиынтығында айырып тану жеткілікті таңбалануы мен ілеспе құжаттары, белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану арқылы жүргізіледі. 
Осы Техникалық регламент қолданылатын өнім түрлері мен оның кодтары осы Техникалық регламент қосымшасында көрсетілген. 
3. Осы Техникалық регламент мыналарға: 
1) газ құю (газ толтыру) станцияларына, аралық баллон қоймаларына, автомобильге газ құю станцияларына, сұйылтылған көмірсутекті газдардың резервуарлық, топтық және жеке баллон қондырғыларына; 
2) сұйылтылған көмірсутекті газдардың газ шығыны (газ қолданушы) қондырғылары, газ реттеу пункттері; барлық мақсаттағы ғимараттардың ішкі сұйылтылған көмірсутекті газдары мен газ жабдығына таратылады. 
1) химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістерінің технологиялық газ өткізгіштері мен газ жабдығына; 
2) металлургиялық өндірістер үшін технологиялық (алаң ішіндегі) газ өткізгіштер, резервуарлар мен газ жабдығына; 
3) эксперименттік газ өткізгіштер мен газ жабдығының тәжірибелік үлгілеріне; 
Полная версия
ИС BestProfi