Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы N 1125 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн, әскери бөлiмдерi мен мекемелерiн бейбiт уақытқа арналған заттай мүлiкпен жабдықтау нормалары; 
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын бейбiт уақытқа арналған ветеринарлық мүлiкпен жабдықтау нормалары; 
2. Тиiстi мемлекеттiк органдар тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде материалдық запастар мен мүлiктi сатып алуды кезең-кезеңмен жүзеге асырсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 265-құжат) 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 шiлдедегi N 788  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 28, 369-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
 2006 жылғы 27 қарашадағы
 N 1125 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерiн, әскери бөлiмдерi мен мекемелерiн бейбiт уақытқа арналған заттай мүлiкпен жабдықтау нормалары
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының заттай мүлiкпен жабдықтау нормалары
Полная версия
ИС BestProfi