Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1281 Қаулысы
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2013 жылғы № 1204 Қаулысымен (23.12.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында азық-түлiкті негiздi түрде талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарын азық-түлiкпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлiк ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормалары бекiтiлсiн.
2. Жабдықты және асханалық-ас үйлiк ыдысты сатып алу республикалық бюджеттен тиiстi жылға арналып бөлiнген қаражат шегiнде кезең-кезеңмен жүзеге асырылсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2005 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1281 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған нормалары
Нормалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2013 жылғы № 1204 Қаулысымен (23.12.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Р/с
Өнiмдердiң атауы 1 адамға
г/күн
1 2 3
1. 2-сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан 350
2. 1-сұрыпты құнарландырылған бидай ұнынан пісірілген нан 400
3. 1-сұрыпты бидай ұны (құнарландырылған) 10
4. 1-сұрыпты қарақұмық жармасы 30
5. Жоғары сұрыпты сұлы жармасы 10
6. 1-сұрыпты арпа жармасы 10
7. Жоғары сұрыпты тары жармасы 10
8. 1-сұрыпты ұнтақталған арпа жармасы 10
9. Жоғары сұрыпты күріш жармасы 30
10. 1-сұрыпты атбас бұршақ (бұршақ, үрме бұршақ) 10
11. Жоғары сұрыпты макарон өнiмдерi (вермишель, түтік кеспе, кеспе) 35
12. 1-санатты сиыр етi 200
13. 1-санатты тауық еті 30
14. Жоғары сұрыпты жартылай ысталған шұжық 20
15. Тазартылған басы жоқ балық (сазан, жайын, тұқы, көксерке) 120
16. Тауық жұмыртқасы (дана) 1
17. Сиыр сүтi, майлылығы кемінде 2,5 % (миллилитр) 90
18. Айран*, майлылығы кемінде 2,5 % (миллилитр) 60
19. Қаймақ*, майлылығы кемінде 15 % 30
20. Сүзбе*, майлылығы кемінде 9 % 30
21. Мәйектi қатты ірімшiк 35
22. Сары май, жануар майының үлесі кемінде 72,5 % 40
23. Күнбағыс майы 40
24. Құмшекер 70
25. Ара балы (10 г пакеттелген) 20
26. Жоғары сұрыпты қара шай 2
27. Йодталған ас тұзы 20
28. Наубайханалық тығыздалған ашытқы* 0,3
29. Лавр жапырағы 0,2
30. Ұнтақталған бұрыш 0,3
31. Қыша ұнтағы 0,3
32. Тағамдық сiрке қышқылы 70 % 0,1
33. Жаңа пiскен картоп 420
34. Жаңа піскен ақ қауданды қырыққабат 130
35. Жаңа пiскен қызылша 40
36. Жаңа пiскен сәбiз 95
37. Жаңа пiскен басты пияз 65
38. Жаңа пiскен сарымсақ 5
39. Жаңа пiскен қияр* 50
40. Жаңа пiскен қызанақ* 50
41. Томат пастасы 6
42. Жаңа пiскен тәтті бұрыш 20
43. Жаңа пiскен көк* (көк пияз, аскөк, желкек) 20
44. Көкөнiс шырыны (миллилитр) 90
45. Жаңа пiскен жемiс (алма, банан, апельсин) 200
46. Кептiрiлген жемiс (мейіз, өрік қағы, қара өрік) 20
47. Жемiс-жидек шырыны (миллилитр) 90
48. Поливитаминдi препарат, драже (желтоқсан-мамыр) 1
* оларды беру мүмкін болмаған кезде нормаға сәйкес ауыстырылады.
1. Осы норма бойынша мемлекет есебiнен:
1) басқа нормалар бойынша азық-түлiк алатындарды қоспағанда, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi;
2) ведомстволық тиесілігіне қарамастан, гауптвахтада жазасын өтейтін әскери қызметшілер;
3) әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілер, әскери даярлаудан өтетін әскери кафедралардың студенттерi, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттары – жиындардан (тағылымдамадан) өту кезеңінде, сондай-ақ осы бөлiмдерге, бөлiмшелерге iссапарға келген әскери қызметшілер;
4) штаттық әскери оркестрлердiң музыкант тәрбиеленушiлерi, оларда мерзiмдi қызмет әскери қызметшілерi осы норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледі;
Полная версия
ИС BestProfi