"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 тамызда тіркелген. Тіркеу N 2462
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесі бекітілсін.
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, актуарийлерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілде N 249 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " және "Сақтандыру қызметі туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жинақталған зейнетақы қаражатын (сақтандыру сыйлықақысын) және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының істі жүргізу шығыстарының рұқсат етілетін деңгейін, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті үлгі шартының нысанын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жинақталған зейнетақы қаражатын алушы (бұдан әрі - сақтанушы) жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасауға құқылы.
2. Сақтанушы жинақталған зейнетақы қаражатын (бұдан әрі - сақтандыру сыйлықақысын) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-1-бабы негізінде Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының біріне өз таңдауы бойынша зейнетақы аннуитетін иеленуге жұмсауға құқылы.
3. Зейнетақы аннуитеті шарты "аннуитетті сақтандыру" класы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасалуы мүмкін.
4. Сақтандыру ұйымдары қолданатын зейнетақы аннуитеті ережелері уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
2-тарау. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі
5. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін және сақтандыру төлемін есептеу үшін зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ағымдағы құн факторы пайдаланылады.
Полная версия