Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 188 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5791 болып енгізілді
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3124 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5208 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 171 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5396 тіркелген) енгізілген өзгеріс пен толықтырумен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiнде:
"6-1. Инвестициялық қор активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.";
"Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар жұмыс күнінің соңына Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректерi бойынша алдыңғы сауда күнінің орташа мөлшерленген мәмілелердің бағасы бойынша бағаланады.";
Құнсыздану бойынша тестілеуге эмитент банкрот болған жағдайда, сондай-ақ дефолт немесе делистинг жарияланған инвестициялық қорының активтерін құрайтын қаржы құралдары жатады. Осындай қаржы құралдары құнсызданған жағдайда олардың әділ бағасын анықтау құнсыздану әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір критерий бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Баллдар сомасы бағалы қағаздардың жіктеу санатын анықтаған кезде қолданылады. Актив бойынша алған баллдар санына қарай оның жіктеу санаты және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес қажетті құнсыздану мөлшері белгіленеді.
7-4. Эмитенттің қаржылық жай-күйі, қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттар тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қабылдауға болатын ақпаратты қамтитын Әдістемеге сәйкес бағаланады. Әдістеме басқарушы компанияның басқару органымен бекітіледі және оның есеп жүргізу саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Әдістеме эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштерді:
1) эмитенттің өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ашып көрсететін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін төлем қабілеттілігін;
2) капиталдың құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылғы динамикасымен), Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін рентабельділігін ашып көрсететін қаржылық тұрақтылығын;
ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі ішінде эмитенттің қаржылық жағдайын елеулі нашарлатуға әкелетін сыртқы немесе ішкі факторлары анықталмаған;
2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі "тұрақты" сипатындағыға жақын келеді, бірақ оны ұзақ уақыт осы деңгейде ұстап тұру ықтималы төмен болып табылады.
эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі нашарлауының белгілері бар (эмитент қабылдаған шаралар қаржылық жай-күйінің тұрақтандыруы үшін тиімді емес);
Қаржы құралы үшін ашық сауда тоқтатылуына байланысты белсенді нарықтың жоғалуы құнсыздануға растау болып табылмайды. Эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсыздануының растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қол жетімді деректермен жиынтығында қаралады.
7-6. Акциялардың құны олардың белсенді нарығының болмауы салдарынан әділ құнын анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда сәйкестендірілген құны бойынша анықталады.
Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми сайтында тоқсан сайын жарияланатын қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын баланстық құнына мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады:
Басқарушы компания немесе өзінің активтерін дербес басқаратын акционерлік инвестициялық қор 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған акциялар – баланстық құны бойынша есепке алынады.
Инвестициялық қордың активтерін құрайтын, бұрын қор биржасының тізіміне енгізілмеген қаржы құралдары басқарушы компанияның есеп жүргізу саясатына сәйкес есепке алынады.
Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады.";
"14-1. Тәуекелді инвестициялау инвестициялық пай қорының пайын қоспағанда инвестициялық пай қоры пайының есептелген құны күнделікті басқарушы компанияның ресми сайтында орналастырылады.";
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы
N 188 қаулысына 1-қосымша
"Инвестициялық қор активтерiнiң,
инвестициялық қордың таза активтерiнiң
құнын, инвестициялық пай қоры пайының
есептi құнын және акционерлiк инвестициялық
қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке
алу және айқындау ережесiне 1-қосымша
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекетінің
-3
3.4
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері
-3
3.5
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитентінің
-2
3.6
Кепілдігі жоқ
+0
4
Белсенді нарығының болуы:
4.1
Белсенді нарық
+0
4.2
Нарығы белсенді емес
+1
5
Рейтингінің болуы:
5.1
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А" төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар
-4
5.2
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен "ВВВ-"-ке дейін рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар
-3
5.3
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар
-2
6
Рейтингі жоқ
6.1
"бірінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар
-1
6.2
"екінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар
+0
7
Эмитенттердің қор биржасы тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар
-1
7.1
Эмитенттердің қор биржасы тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар
0
8
Қор биржасы тізімінің буферлік санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар
+1
9
Дефолт, делистинг немесе рейтингтің төмендеуі
+2
10
Бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұру (уәкілетті органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі)
Бағалы қағаздарды құнсыздандыру үшін осы критерийлерді қолданған кезде рейтингтік бағасы және листинг санаты болған жағдайда рейтингтік бағасы алынады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы
N 188 қаулысына 2-қосымша
"Инвестициялық қор активтерiнiң,
инвестициялық қордың таза активтерiнiң
құнын, инвестициялық пай қоры пайының
есептi құнын және акционерлiк инвестициялық
қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке
алу және айқындау ережесiне 2-қосымша