Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.12.2017
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 14 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 05.12.2017 жылғы № 809 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 16 қаңтардағы
 N 14 қаулысымен
 бекітілген
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент): 
1) " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру; 
2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды. 
2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін анықтайды және мыналарды: 
1) осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген өрт және оның қауіпті факторлар, заттар мен материалдар, сондай-ақ өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық құралдар; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтар; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдар; құрылыс құрастырылымдары мен өртке қарсы тосқауылдар; өрт жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдықтар, сыртқы қондырғылар, ғимараттар, имараттар және үй-жайларды жіктеу; 
2) өмірлік циклінің барлық сатысында түрлі мақсаттағы шаруашылық объектілеріне қойылатын; қала және елді мекендерді жобалаған кезде; ғимараттар мен имараттарды жобалаған және құрылысы кезінде; өнімдерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді. 
3. Осы Техникалық регламенттің ережелері: 
1) жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін қайта салған, техникалық қайта жарақтандыру, атқарымдық тағайындалуы өзгерген, техникалық қызмет көрсету, арналуы мен меншік түріне қарамай объектілерді пайдалану; 
2) техникалық регламенттер, ішінде өрт қауіпсіздігі талаптары бар нормативтік және техникалық құжаттардың ұсынылатын ережелерін әзірлеу, қабылдау, қолдану және орындау кезінде міндетті. 
4. Арнайы мақсаттағы объектілер, оның ішінде әскери мақсаттағы, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын өндіру, қайта өңдеу, сақтау бойынша, химиялық қаруды; космостық объектілер мен стартты кешендерді; тау қазбаларын жою және сақтау бойынша объектілер үшін осы техникалық регламентпен қатар басқа техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттарда баяндалған өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi