Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1144 Қаулысы
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес берсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1523 Қаулысымен (30.10.2010 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1523 Қаулысымен (30.10.2010 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1144 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1523 Қаулысымен (30.10.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Атауы                 Қазақстан Республикасында тау-кен - металлургия
                      кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
                      арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін          1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009
негіздеме             жылғы 2 маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген
                      Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр
                      Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы
                      кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын
                      іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
                      3-тармағы;
                      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
                      14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген
                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
                      Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
                      дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
                      арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
                      жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағы

Әзірлеуші             Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                      технологиялар министрлігі

Бағдарламаның         Машина жасауды, құрылыс индустриясын және
мақсаты               өнеркәсіптің басқа да салалары мен экспортты
                      дамытуды қамтамасыз ететін кейіннен қайта бөлу
                      металлургия өндірістерін құру
                      Металдарды шаймалау, ұжымдық концентраттарды алу мен өңдеу,
                      кешенді ферроқорытпалар өндіру,
                      техногендік кен орындарын өңдеу бойынша технологиялар
                      әдісімен өте қиын технологияларды дамыту.

Міндеттер             1. Шағын және орта бизнесті тарта отырып,
                      бәсекеге қабілетті өндірістер құру, қосылған
                      құны жоғары терең қайта өңдеу өнімдерінің
                      үлесін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту.
                      2. Ресурсты және энергияны қажетсінуді                                
                      төмендету мақсатында саланың жұмыс істеп тұрған
                      кәсіпорындарын жаңғырту және еңбек өнімділігін
                      арттыру мақсатында қазіргі заманғы басқару
                      технологияларын енгізу.
                      3. Шикізатты алу және кешенді қайта өңдеу,
                      өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу бойынша 
                      инновацияларды дамыту және саланың 
                      ғылыми-технологиялық әлеуетін белсенді түрде
                      инновациялық үдерістерге тарту.
                      4. Салалық жобаларды қажетті иңфрақұрылыммен 
                      қамтамасыз ету.
                      5. Минералдық шикізат базасын ұлғайту және
                      оларды молықтыруды қамтамасыз ету.
                      6. Саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның
                      ішінде орта техникалық буынмен қамтамасыз
                      ету.
                      7. Ішкі нарыққа шикізатты және металлургия
                      өнімдерін жылжытуға жәрдемдесу
                      8. Сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға
                      зиянды ықпалын төмендету.

Іске асыру мерзімі    2010-2014 жылдар

Нысаналы индикаторлар 1. 2015 жылға қарай металлургия 
                      саласының жалпы қосылған құнын минералды 
                      шикізатты терең өңдеу және жаңа бөліністер құру
                      негізінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты
                      мәнде кемінде 50 %-ға ұлғайту.
                      2. Металлургия өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы
                      деңгейге қарағанда 30 %-ға ұлғайту.
                      3. Металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 
                      2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 
                      кемінде 15 %-ға ұлғайту.

Қаржыландыру көлемі   Барлық қаржы көздері есебінен
және көздері          қаржыландырудың жиынтық көлемі 1 151 400 млн.
                      теңгені құрайды, оның ішінде:
                      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен
                      қаржыландырылатын жүйелік шаралар бойынша
                      шығыстар көлемі 1 564 млн. теңгені құрайды,
                      оның ішінде 2010 жылға — 1 564 млн. теңге.
                      2. Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен (қарыз
                      қаражатын қоса алғанда) қаржыландырылатын
                      инвестиция көлемі 1 148 985 млн. теңгені
                      құрайды.
                      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан
                      Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті
                      қаржы жылдарына арналған республикалық 
                      бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.
Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті жоғары технологиялық өнім өндірісінің өсімі мен оның сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін, қосылған құны жоғары өнімді шығарумен байланысты металлургия өнеркәсібінің жаңа қайта өңдеу өндірістерін кезең-кезеңмен құру болу тиіс.
Елдің тау-кен металлургия саласын дамытудағы мемлекеттік саясат ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) өндірісін ынталандыру мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары қайта бөлудің түпкі өнімін жасауға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламада ел ішінде минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін кен және концентраттар экспортының үлесін төмендетуді ынталандыру бойынша кешенді шаралар қарастырылған.
Полная версия
ИС BestProfi