Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2019
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 342 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 24-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесінде:
 
3920-дан(**) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған материалдар
» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
 
3920 30 000 0-ден (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын тақталар, табақтар, үлпек, фольга, таспа, пластмассалардан жасалған өзгелері (әр түрлі катетерді шығаруға арналған жиынтықтар)
 
7326 909 80 9(***) медициналық мақсатта пайдаланылатын стерильді қораптар және осыған ұқсас бұйымдар
» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
 
74-топтан (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын, медицинада емдік газдармен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тазартылған мыстан жасалған құбырлар, түтіктер және құбырларға арналған фитингтер
 
8309 90-нан(**) фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын алюминийден жасалған тығындағыш қақпақтар
» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
 
8405 10 000 9-дан (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын тазарту құрылғыларымен немесе оларсыз газ генераторлары немесе сулы газ генераторлары; тазарту құрылғыларымен немесе оларсыз ацетилендік газ генераторлары және осыған ұқсас газ генераторлары, (Медицинаға арналған оттегі генераторлары)
 
8414-тен (**) ауа немесе вакуумды сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткіштер; фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын желдеткіші бар, сүзгіштері бар немесе сүзгішсіз желдеткіш немесе қайта айналдыру тарту қалпақтары немесе шкафтар
» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
 
8414 80 7509-дан (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын көлемді роторлық, көп бөлікті, бұрандалы компрессорлар: басқалары (медицинада қолданылатын компрессорлық станция)
8421 39 200 9-дан (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын ауаны сүзуге және тазартуға арналған жабдық пен құрылғылар, басқалар (медицинада пайдаланылатын вакуумды станция)
8422 40 000 1-ден (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын автоматты ине салушы
8422 40 000 1-ден (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын автоматты шприц салушы
8422 40 000 1-ден (**) медициналық мақсатта, және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын автоматты орау машинасы
8480 79 000 0-ден (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын цилиндрге, штокка, шприцтің манжетіне құю пресс-пішіндері
 
9032 10(***) медицинада пайдаланылатын термостаттар
» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
 
9033 000 00 0-ден (**) медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын 90-топтағы машиналарға, аспаптарға, құралдарға немесе аппаратураға бөлшектер және керек-жарақтар (осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген)
ескертпедегі «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН)» деген сөздер «Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Полная версия
ИС BestProfi