Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.09.2009
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 218 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 16.09.2009 № 871 Жарлығымен (08.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2009. бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 35-бабына және 123-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат; 2005 ж., N 21, 246-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесінде: 
алтыншы абзацтағы "орындалмаған" деген сөз "төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші және сегізінші абзацтардағы "кассалық атқарылу" деген сөздер "бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "орындалмаған" деген сөз "төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші, алтыншы және жетінші абзацтардағы "кассалық атқарылу" деген сөздер "бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "ресми" деген сөз алып тасталсын; 
үшінші абзацтағы "мыналарды" деген сөз "республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру деңгейіндегі олардың тиімділігін бағалаудан тұратын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды басқару сапасын және олардың нәтижелігін айқындауды қамтитын "Шығындар" бөлімі бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалы есеп республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалы есептеріне, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру деңгейінде және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды ішкі бақылау кезінде олардың тиімділігін бағалау нәтижелеріне, бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган сұрататын басқа деректерге негізделеді.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi