Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі N 871 Жарлығы Қазақстан Республикасының    
 Президенті мен Үкіметі актілерінің
              жинағында жариялануға тиіс         
Президенті мен Үкіметі актілерінің
              жинағында жариялануға тиіс         Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 127-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 мамырдағы N 1579 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 246-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 218 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 46, 483-құжат).
3. Осы Жарлық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы 16 қыркүйектегі
 N 871 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ЕРЕЖЕСІ
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердің, елдің стратегиялық даму бағыттарымен өзара байланысты бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін талдау нәтижелерінің деректері есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау үшін негіз болып табылады.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп есепті қаржы жылында жүргізілген республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетеді.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
5. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негізде, мың теңгемен жүзеге асырылады.
2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi