Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1072 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.10.2023 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес (17.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 18.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгi ереже (бұдан әрi – Үлгi ереже) бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.10.2023 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес (17.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.10.2023 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес (17.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы Yлгi ережеге сәйкес тиiстi құрылымдық бөлiмшелердiң ережелерiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн;
2) өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң заң қызметтерiн нығайтуды қамтамасыз етсiн, заң қызметтерiнiң жұмыс сапасын арттыру әрi республикалық және өңiрлiк деңгейде заңдылық режимiн нығайту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлесiн;
3) қабылданатын актілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды күшейтсін және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйін кезең-кезеңмен қарасын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 377 Қаулысымен. (30.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.04.2015 жылғы № 346 Қаулысымен (02.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.04.2015 жылғы № 346 Қаулысымен (02.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысымен (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.06.2009 № 822 Қаулысымен. (25.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз) 5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысымен (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiк басқару органдарының және оларға қарасты кәсiпорындардың, мекемелердiң заң қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 мамырдағы N 624 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 17, 187-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының министрлiктерiнде, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметiнiң жай-күйiн жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 152-құжат);
3) "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 26, 303-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия