Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2013
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 7 қазандағы N 448 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6614 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Көлік және коммуникация министрінің 05.01.2013 жылғы N 6Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
1) «Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау ережелерін бекiту туралы» Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi № 182 бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2301 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi № 182 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 болып тіркелген) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Көлiк және коммуникация
 министрiнiң
 2010 жылғы 7 қазандағы
 № 448 бұйрығымен бекiтiлген
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидасы 1-тарау. Негізгі ұғымдар
1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының авиакомпаниясы жүзеге асыратын жолаушыларды, багажды және жүктерді әуеде тасымалдаудың, оларға қатысты қызмет көрсетуді қоса алғанда, барлық технологиялық процестеріне қолданылады.
2. Халықаралық тасымалдарды орындау кезінде осы Қағида Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады, сондай-ақ аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын елдің заңнамаларына бағынады.
Авиакомпаниялар жолаушыларға, жөнелтушілер мен алушыларға қызмет көрсету кезінде осы Қағидаға қайшы келмеуі тиіс әуеде тасымалдаудың өзіндік ережесін (бұдан әрі – авиакомпания ережесі) белгілейді.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелері пайдаланушысының сертификаты бар заңды тұлға;
2) агент - авиакомпанияны білдіретін, осы авиакомпанияның әуе кемесінің, экипаждың, жолаушылардың, багаждың, жүктің, почтаның және борттық қорлардың келуімен, жөнелтілуімен және ресімделуімен байланысты барлық рәсімдерді орындау ол тікелей немесе оған уәкілеттік берілген жеке немесе заңды тұлға;
3) багажды (PIR – Property Irregularity Report), жүкті (CIR – Cargo Irregularity Report) тасымалдау кезіндегі ақаулар туралы акт - жолаушының (алушы) қатысуымен бiр немесе бiрнеше авиакомпанияның әуе кемелерiмен тасымалданған багажға (жүкке) келтiрген зиян белгiлi болғанда авиакомпания тез арада ресімдейтін және авиакомпания мен жолаушы (алушы) қол қоятын құжат;
4) әуежай - әуе кемелерiн қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осындай мақсаттар үшін әуеайлақ, аэровокзал, басқа да қажетті ғимараттары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi;
Полная версия
ИС BestProfi