Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі N 767 Қаулысы
Осы редакция 28.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 шілдедегі
 № 767 қаулысымен
 бекітілген
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы
1. Осы Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
багаж түбiртегi – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшiн қабылдағанын растайтын құжат;
борт журналы – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тігілген, мөрмен бекітілген және жергілікті атқарушы орган тіркеген, автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өткенi туралы белгiлер қойылады. Борт журналының қолданылу мерзімі оны тіркеген күннен бастап күнтүзбелік бір жылдан аспауы тиіс;
жол жүру құжаты (билет) – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушының сапарды жүзеге асыру құқығын куәландыратын және жолаушыны автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын растайтын құжат;
жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi (аялдау пунктi) – осы Қағиданың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсiру мақсатында автокөлiк құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесi;
қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер бар құжат (кесте, графикалық бейне);
қауiптi учаскелер – автомобиль жолдарының жүрiп өткенде жол-көлiк оқиғасы болуының жоғары қаупi туындайтын немесе қозғалыс режимiнiң елеулi өзгерiстерiне байланысты учаскелері;
маршрут – автобустың, шағын автобустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттері арасында белгiленген жүретiн жолы;
Полная версия
ИС BestProfi