Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2017
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 ж. 7 қаңтардағы N 3 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007 жылғы 20 қарашадағы N 197 н/с, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы N 700, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 қарашадағы N 685, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 258, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 16 қарашадағы N 397 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5032 болып енгізілді.
Қолданушылардың назарына
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 11 маусымынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 108, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2017 жылғы № 194, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.04.2017 жылғы № 157, ҚР Қаржы министрінің 26.01.2017 жылғы № 56, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 24.04.2017 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы  N 992  қаулысына сәйкес, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарының өтуін оңайлату мен жеделдету, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметін оңтайландыру мақсатында   БҰЙЫРАМЫЗ: 
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде бақылаушы органдардың өзара iс-қимылының және оларды орналастырудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 353-І, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3  бірлескен бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде орналасқан бақылаушы органдардың барлық бөлімшелері осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімізге қалдырамыз.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
 қауіпсіздік комитеті
 төрағасының 2007 жылғы
 20 қарашадағы N 197 н/с
Полная версия
ИС BestProfi