Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Шетелдiк инвесторлар кеңесi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы бiр ай мерзiмде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 30 маусымдағы
N 3985 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 24.11.2003 жылғы № 1234 Жарлығымен (20.03.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 08.05.2007 жылғы № 325 Жарлығымен (24.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.12.2009 жылғы № 905 Жарлығымен (08.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.12.2011 жылғы № 204 Жарлығымен (06.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 284 Жарлығымен (22.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 27.03.2013 жылғы № 533 Жарлығымен (13.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 06.04.2011 жылғы № 1182 Жарлығымен (22.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 603 Жарлығымен (27.03.2013  жылғы редакцияны қараңыз)
1. Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығына сәйкес (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
Полная версия
ИС BestProfi