Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 1048 Қаулысы
Редакция 23.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 11 қазандағы
 № 1048 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның паспорты өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2013 жылғы № 1139 Қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Атауы             Қазақстан Республикасы туристік индустриясының
                  перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014
                  жылдарға арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің
негіздеме         2010 жылғы 19 ақпандағы № 958 Жарлығымен бекітілген
                  Қазақстан Республикасын үдемелі
                  индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 -
                  2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға;
                  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1
                  ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
                  Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму
                  жоспарына сәйкес әзірленді

Бағдарламаны      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
әзірлеуге және               
іске асыруға
жауапты мемлекеттік
орган

Мақсаты           Туризм индустриясын орнықты дамыту

Міндеттері        Бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;
                  Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын
                  қалыптастыру;
                  Туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту
                    Астана қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық 
                    мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды 
                   және өткізуді ескере отырып, туризм саласын 
                    дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру

Іске асыру        2010-2014 жылдар
мерзімдері
(кезеңдері)

Нысаналы
индикаторлар           Ішкі және келу туризмі 
                                үшін орналастыру орындарының
                                 санын арттыру; Ішкі және келу туризмі үшін 
                                 төсек/тәулік орнын беру жолымен қонақүйлердің 
                                  толтырылуын арттыру
 

Қаржыландыру      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және көздері мен      
 жергілікті бюджет қаражатының есебінен және көлемдері         шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
                  заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден
                  жүзеге асырылатын болады.
                  Бағдарламаны 2010 - 2014 жылдары іске асыруға
                  барлығы 4 252 145 377,8 мың теңге:
                  республикалық бюджеттен: 2010 жылы - 750 364,0 мың
                  теңге; 2011 жылы - 2 811 492,0 мың теңге; 2012 жылы
                  - 269 625,0 мың теңге*; 2013 жылы - 269 625,0 мың
                  теңге*;
                  2014 жылы - 268 825,0 мың. теңге*;
                  жергілікті бюджеттен: 2010 жылы - 8 766,8 мың
                  теңге;
                  2011 жылы - 361 180,0 мың теңге;
                  инвестициялар есебінен: 4 247 405 500,0 мың теңге
                  талап етіледі.
Полная версия
ИС BestProfi