Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 тамыздағы № 845 Қаулысы
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 31-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 38-1 және 38-2-жолдармен толықтырылсын:
«
38-1 | Медиация туралы | ЖС (келісім бойынша) | Шілде | Қазан | Желтоқсан | А.Д. Тәшенова |
38-2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЖС (келісім бойынша) | Шілде | Қазан | Желтоқсан | А.Д. Тәшенова |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия