Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 798 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:
 
40-1 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қоршағанортамині Тамыз Қазан Қараша Е.М. Сәдуақасова
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi