Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы N 413 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. "Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 50, 540-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттікке)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында: 
"Қазақстанда бәсекелестікті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйін және проблемаларын талдау" деген 3-бөлімнің сегізінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылымындағы Бәсекелестікті қорғау комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі" деген 5-бөлімде: 
"Экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны құру" деген 5.2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"Мемлекет басшысы өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Үкіметі макроэкономикалық саясатының маңызды басымдықтарының бірі ретінде бәсекелестікті қорғау бойынша одан әрі жұмыстың айқындалғанын және елдегі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беруі тиіс бәсекелестік туралы жаңа заңды қабылдаудың қажеттілігі белгіленгенін атап көрсетті. 
Өткен жылдары қабылданған монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі дәйекті шаралар субъектілердің теріс монополистік мінез-құлқының алдын алуға ықпал етуге және жаңа компаниялардың және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасында салауатты бәсекелестіктің пайда болуына, қазақстандық экономиканың халықаралық қауымдастыққа жоспарлы ықпалдасуына ықпал ететін жағдай жасауға мүмкіндік берді. 
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, монополияға қарсы реттеу жүйесі экономиканың дамуы мен қайта құрылуынан қалмауы тиіс, әлемдік сауданың жаһандануын, экономикалық шекаралардың ашықтығын, сондай-ақ бизнес жүргізудің жаңа нысандарының пайда болуын ескеру қажет. Тез өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен жаңа функционалдық қажеттіліктерге бейімделудің қажеттілігі негізінде монополияға қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру талап етіледі. 
Монополистік қызметке қарсы іс-қимыл мен бәсекелестікті қорғау процесінде монополияға қарсы орган экономикалық жағдай қалай өзгерсе, солайша бизнестің жаңа нысандарының пайда болуына, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға жаңа талаптардың қойылуына қарай жаңа проблемалармен үнемі бетпе-бет келеді. 
Бәсекелестік туралы жаңа заңды әзірлеу тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы, бәсекелестікті шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраласу фактілерін, экономика салаларын "жасырын" монополияландыруды болдырмаудың айқын тетіктерін анықтау, монополияға қарсы органның рөлі мен өкілеттіктерін күшейту, оның қызметінің тиімділігін арттыру үшін тартымды және айқын жағдай жасау қажеттілігінен туындайды. 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің көпшілігі сол немесе өзге тауар нарығында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. 
Тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту дәрежесін бағалау, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маркетингтік стратегиясын, әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа "кіру"/"шығу" тосқауылдарының болуын (болмауын) және оларды еңсеру шараларын айқындау мақсатында оларға жүргізілген талдаулар бәсекелестік жеткіліксіз дамыған экономиканың салаларын анықтады. 
Осылайша, заңнамалық реттеу бәсекелестікке келеңсіз әсер ететін ережелерді жою мақсатында жетілдіру қажет экономиканың негізгі салалары. 
Қабылданатын нормативтік құқықтық актілер кәсіпкерлерге бизнесте жаңа мүмкіндіктер аша отырып, бәсекелестікті күшейтуге, экономикалық ресурстарды оңтайлы бөлу арқылы елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерге төмен баға белгілеуге ықпал етуі тиіс. 
Нормативтік құқықтық актілерді монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келтірудің маңызы зор, экономикалық қатынастарды реттеу құралы ретінде бәсекелестікті дамытпайынша, тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың жалпы экономикалық әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес.";
"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде: 
реттік нөмірлері 4, 5, 6, 7, 9, 12-жолдардағы "ИСМ" деген аббревиатура "БҚА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттік нөмірі 13-жол ", БҚА" деген аббревиатурамен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 14, 15-жолдармен толықтырылсын: 
 
14 "Бәсекелестік
туралы" Заңның
жобасын Қазақстан
Республикасы
Парламентінің
Мәжілісіне енгізу
Заң
жобасы
БҚА
(жинақ-
тау),
ТМРА,
ҚҚА,
АБА
2008
жылғы
қараша
Талап
етілмейді
15 Бәсекелестікті
шектейтін
ережелерді
анықтау мен алып
тастау тұрғысынан
заңнамаға
түгендеу жүргізу
Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпа-
рат
БҚА
(жинақ-
тау),
Әділет-
мині,
ЭБЖМ
2009
жылғы
15 жел-
тоқсан
Талап
етілмейді
ескертпе "Әділет министрлігі" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы аббревиатуралармен толықтырылсын: 
"БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік); 
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі; 
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі; 
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі.".
 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi