«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 1352 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 30.03.2015 жылғы № 247 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 1352 қаулысымен бекітілген
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда энергетикалық кешеннің барлық буынының үнемді және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін энергетикалық объектілерге қойылатын негізгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптар жазылған.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) электр станциясы – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу және электр энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;
2) электр желісі – кіші станциялардың, бөлу құрылғыларының және олардың электр энергиясын жеткізу үшін бағытталған электрді беру жүйесін біріктірудің жиынтығы;
3) жылу желiсi – жылу энергиясын жеткізу үшін бағытталған сорғы станцияларының, жылыту пункттерінің, құбырлар мен арматуралардың жиынтығы;
4) қазандық – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;
5) су электрстанциясы – су ағынының энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
6) жергiлiктi нұсқау – кәсiпорын аясында пайдалану үшiн әзірленген және энергетикалық объектiлердiң басшылығымен бекiтiлетiн нұсқаулық.
2. Пайдалануды ұйымдастыру
Міндеттері мен ұйымдастырушылық құрылым
Полная версия