Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.07.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 және 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1441 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 15 тамыз N 905       
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiнде: 
"оқушылардың", "оқушылардан" деген сөздер "бiлiм алушылардың", "бiлiм алушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: 
"2-1. Кәсiптiк бастауыш мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге кәсiптiк бастауыш бiлiмдi мамандарды қайта даярлау жөнiндегi қызметтер көрсету де жатады. 
2-2. Кәсiптiк жоғары мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге мыналар да жатады: 
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң жоғары оқу орындары көрсететiн қызметтердi қоспағанда, кәсiптiк жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау жөнiндегi қызметтер көрсету; 
Полная версия
ИС BestProfi