Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2005
Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 336 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 30 шілдеде N 340 тіркелді 
     Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасы
     Бағалы қағаздар жөнiндегi         Ұлттық Банкi Басқармасының
     Ұлттық комиссиясымен              қаулысымен
     келiсiлген                        бекiтiлген
     30.12.96 ж.                       31.12.96 ж.
     N 164                             
Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасы
     Бағалы қағаздар жөнiндегi         Ұлттық Банкi Басқармасының
     Ұлттық комиссиясымен              қаулысымен
     келiсiлген                        бекiтiлген
     30.12.96 ж.                       31.12.96 ж.
     N 164                             N 336
Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және кейiннен сатудың (сатып алу-сатудың) осы Ережеде көзделген негiздемелерi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 48-бабының 1-тармағының "г") тармақшасында көзделген негiздемелер болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, осы банктердiң депозиторлары мен кредиторларының мүдделерiн қорғау және мемлекеттiк банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолдана алады. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы процедура шеңберiнде қабылдайтын шешiмдердiң мәнiнен туындайтын мәмiлелерге қатысушылар үшiн қосымша шектеулер мен талаптар белгiлейдi. 
1. Осы Ереже капиталының терiс мөлшерi бар банктiң (бұдан әрi - "банк") акцияларын Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi "Ұлттық Банк") сатып алу бағасы бойынша мәжбүрлеп сатып алу және кейiннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату тәртiбiн белгiлейдi, ал жаңа инвестор (инвесторлар) банктiң өз капиталын Ұлттық Банк (бұдан әрi "қайта капиталдандыру") белгiлеген талаптарға сәйкес жеткiлiктi деңгейге дейiн көтерiп, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес оның қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге тиiс, сондай-ақ банктiң сатып алынатын акцияларына меншiк құқығын өзгерту негiздемесi мен шарттары болуы керек. 
2. Банктiң құрылтай құжаттарына, банк акциялары және олармен жасалатын мәмiлелер туралы есеп деректерiне өзгертулер тиiстi мемлекеттiк органдарда осы Ережеде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып енгiзiледi. 
3. Банкте екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сәйкес бекiтiлген қайта капиталдандыру және оның қызметiн жақсарту жоспары бар болса, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және оларды жаңа инвесторларға сату процедурасынан кейiн банк Ұлттық банктiң қарауына қайта капиталдандыру және қызметiн жақсартудың қайта ресiмделген жоспарын жаңадан ұсынуға мiндеттi. 
II. Банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және             сатудың негiздемелерi мен шарттары. Инвесторға             қойылатын талаптар 
4. Банк акцияларын жаңа инвесторға (инвесторларға) сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алуын банктiң капиталы мүлде болмаған жағдайда (капиталдың терiс мөлшерiнiң болуы) олардың пруденциалдық нормативтердi немесе мiндеттi түрде сақталуы тиiс басқа нормалар мен лимиттердi үнемi (12 күнтiзбелiк ай iшiнде қатарынан үш немесе одан да көп рет) бұзған кезде Ұлттық Банк жүргiзедi. 
5. Ұлттық Банк банк ұсынған деректер негізінде банк капиталының мөлшерін Ұлттық банк белгілеген банктің өз капиталының есеп айырысу әдістемесіне сәйкес белгілейді. Бұл орайда банк акцияларының бағасын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданған күнгi банк капиталының мөлшерiн ескере отырып, Ұлттық Банк белгiлейдi.  
#$5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
6. Заңды немесе жеке тұлғалар - банктi қайта капиталдандыру үшiн жекелей немесе бiрлескен түрде жеткiлiктi ақшасы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi банктiң жаңа инвесторлары бола алады.  
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі
7. Банк акцияларын сатып алуға мүдделi тұлға (тұлғалар) банк құрылтайшысына қолданылып жүрген банк заңдарында ұсынылған талаптарды қанағаттандыруы тиiс. 
8. Жаңа инвестордың банк акцияларын сатып алу ниетi мен мүмкiндiгiн растайтын өтiнiшi негiзiнде, оған инвестордың (инвесторлардың) банк акцияларын сату мен онда (оларда) банкті қайта капиталдандыру үшін жеткілікті ақшасы бар екенiн растайтын құжаттар туралы өтiнiшiмен қоса, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды сату туралы шешiмдi Ұлттық Банк Басқармасы қабылдайды.  
#$8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
III. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды              сатуды жүргiзу процедурасы. Жаңа инвесторға              сатқан кездегi банктiң бағалы қағаздарының              мәмiлелерiн ресiмдеудiң ерекшелiктерi және банктiң              құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзу 
9. Осы Ереженiң 6 және 8-тармағындағы жағдайларға қанағаттанған әлеуеттi инвестор банктiң барлық акцияларын сатып алу ниетi және банктi қайта капиталдандыруды қоса, қаржылай сауықтыруды қамтамасыз ету туралы Ұлттық Банкке өтiнiш беруге құқылы. 
Бiр банкке акционер болуға тiлек бiлдiрген екi немесе одан да көп инвесторлар банк акцияларын сатып алу туралы өтiнiш берген жағдайда олардың әрқайсысының банк акцияларын сатып алардағы және акция үшiн, сондай-ақ банктiң қайта капиталдандыру үшiн төлейтiн ақша сомасындағы үлесiн анықтайтын өзара жасасқан келiсiмдi ұсынулары қажет.  
Осы мәселе бойынша инвестор-заңды тұлғаның атынан Ұлттық Банкке өтiнiш беру құқығы тек олардың бiрiншi басшысына немесе осы өкiлдiкке тиiстi уәкiлдiк берiлген өкiлiне (осы мәмiлеге немесе өкiлдiкке нотариалды куәландырылған сенiмхаты бар болған жағдайда) берiледi. 
#$9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
10. Өз қаржысына банктi инвестициялауға және оның акционерi болуға тiлек бiлдiрген тұлғамен Ұлттық Банктiң келiссөз бастауы үшiн мiндеттi шарттар олардың жария болмауы, сондай-ақ коммерциялық және банк құпиясын сақтау жөнiнде жазбаша мiндеттеме қабылдауы болып табылады. Қажетiне қарай Ұлттық Банк банктi қайта капиталдандыру үшiн керектi соманы не оның бiр бөлiгiн инвестордың (инвесторлардың) Ұлттық Банктiң жеке шотына депозит түрiнде енгiзуiн талап етуге құқылы. 
11. Келiссөз басталғанға дейiн инвестор Ұлттық Банкке, банк құрылтайшылары үшiн қолданылып жүрген банк заңдарында белгiленген құжаттардың толық пакетiнен басқа, таяудағы екi жылда банктiң қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралардың нақты жоспарын ұсынуға мiндеттi. 
12. Акцияларды жаңа инвесторларға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы келiссөздер жүргiзу мүмкiндiгi туралы мәселенi Ұлттық Банк оңтайлы шешкен жағдайда жария етпеу және коммерциялық (банктiк) құпияны қамтамасыз ету туралы бұрын жасалған Келiсiмде көрсетiлген мүдделi тараптарға келешекте жасалатын мәмiлелердiң шарттарын бiрлесiп қарай бастау жөнiнде жазбаша хабарландыру жiберiледi. 
13. Инвесторлардың ұсыныстары қабылдаған жағдайда Ұлттық Банк бұл жөнiнде оған банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың барлық негiзгi шарттарын, оларды сатуды және мәмiлелердi қамтамасыз етудi енгiзе отырып, сатып алу-сату шартын жасайтын мүдделi тарапқа (тараптарға) хабарлайды. 
14. Сатып алу-сату шартында оның Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiлуге тиiс екенi және Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiткен сәттен бастап қана күшiне енетiнi қарастырылуы керек. Бiр жағынан Ұлттық Банкпен, екiншi жағынан мәмiлеге қатысушы тұлғалармен банк акцияларын сатып алу-сату туралы ұсынылған келiсiм негiзiнде банк акцияларын Ұлттық Банктiң мәжбүрлеп сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жазбаша келiсiмiн алған жағдайда осы мәселе банктiң қаржылық жағдайы туралы Банктiк қадағалау департаментiнiң қорытындысымен бiрге Ұлттық Банк Басқармасының қарауына ұсынылады. 
15. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды және кейіннен оларды сатуды ресiмдеу акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы Ұлттық Банктiң шешiм қабылдауы және Ұлттық Банк Басқармасының жаңа инвесторға (инвесторларға) банк акцияларын сату туралы жеке шешiм қабылдауы жолымен жүргiзiледi. Бұл орайда банк акцияларын сатып алу-сату туралы келiсiм Ұлттық Банк басқармасының жаңа инвесторға (инвесторларға) акцияларды сату туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күшiне енедi. Ұлттық Банктiң атынан келiссөз жүргiзуге және аталған шартқа қол қоюға Ұлттық Банк төрағасының немесе оның орынбасарларының құқы бар, шарт Ұлттық Банк үшiн қазақ және орыс тілдерінде 3 данадан (Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясына жiберiлуге тиiс) және әрбiр инвестор үшiн бiр дана етiп жасалады.  
#$15-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
16. Көрсетiлген жағдайларға сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға, кейiннен жаңа инвесторларға сатуға жататын банк акцияларымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру процедурасы, акционерлердiң тiзбесiне тиiстi өзгерiстер енгiзу, акцияларды сатудың мерзiмi мен түрiн анықтау, банк акцияларының эмиссиясын ресiмдей және ақпараттарды мүдделi адамдарға жеткiзу тәртiбi осы Ережеде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi. 
17. Банк акцияларын мәжбүрлер сатып алу және оларды жаңа инвесторға (инвесторларға) сату туралы Ұлттық Банктiң шешiмi Ұлттық Банктiң басқармасында қабылданады және онда осы мәселелердiң Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiлгенi туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, қаулы түрiнде ресiмделедi. 
18. Ұлттық Банк Басқармасының банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы қаулысы осы шешiм қабылданған күннен бастап, басқармадан басқа, банктiң барлық органдарының қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады. 
Бұл орайда Ұлттық Банк пен банктiң бұрынғы акционерлерi арасында акцияларды мәжбүрлеп сатып алу мәселесi жөнiндегi шарт немесе қандай да бiр басқа құжаттар ресiмделмейдi, өйткенi мұндай мәмiле мемлекет мүддесiн қамтамасыз ету үшiн жасалады және мәжбүрлеп сатып алу туралы Ұлттық Банктiң көрсетiлген шешiмiнiң негiзiнде жасалған деп танылады. 
19. Ұлттық Банктiң Басқармасында бекiтiлген банк акцияларын сатып алу-сату туралы шарт банктiң жаңа қатысушыларының банктiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгертулер мен оның мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер енгiзуi үшiн негiз болып табылады. 
20. Ұлттық Банктiң банк акцияларын жаңа инвесторға (инвесторларға) сату туралы қаулысында Ұлттық Банктiң банк акцияларын сатып алу-сату жөнiнде инвестормен жасасқан шартының бекiтiлгенi және күшiне енгенi туралы мәлiметтер мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс. 
Банктiң акцияларын сатып алу-сату жөнiнде бекiтiлген шартты Ұлттық Банк банктiң мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы жазбаларды нақтылау және банк акцияларын иелену құқығын есепке алу бойынша белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзуi үшiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкiметiне жiбередi. 
21. Банктiң жаңа қатысушысы (қатысушылары) олардың банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзген мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап өз өкiлеттiгiне кiрiстi деп танылады. 
22. Жоғарыда көрсетiлген процедуралар аяқталғаннан кейiн Ұлттық банктiң ұсынысымен тiзiлiмдi реттеушi банк акционерлерiнiң тiзiлiмiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi. 
23. Банк акцияларының барлық бұрынғы иелерi үшiн Ұлттық банкте арнайы шот ашылары, оған мәжбүрлеп сатып алынған банк акциялары құны сомасына ақша түседi.  
#$23-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
24. Ұлттық Банкке акциялар тапсырған кезде бұрынғы иелерiнiң кез келгенi жоғарыда көрсетiлген арнайы шоттан мәжбүрлеп сатып алынған акциялардың жалпы көлемiндегi акциялардан өз үлесiне теңбе-тең сомада ақша алуға құқылы.  
#$24-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
25. Мiндеттемелер бойынша акциялардың бұрынғы иесiне қатысты, осы акциялармен қамтамасыз етiлген үшiншi тұлға банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн, акциялардың бұрынғы иесiне тиiстi ақшадан өз талаптарын қанағаттандыруға құқы бар.  
Банкке талаптар қойылуы мүмкiн бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi жеткенiмен‚ бiрақ банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданғанға дейiн қойылмаған жағдайда, мұндай талаптардың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптардан басқасы өтелген болып саналады.  
25-тармақ өзгертілді, екінші азатжолмен толықтырылды ҚР
       Ұлттық Банкі Басқармасының 1997.12.31. N 485                   қаулысымен. 
26. Банк акцияларын сатып алған инвестор (инвесторлар) банк акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысын шақыра отырып, банктiң байқау кеңесiн, басқармасы мен тексеру комиссиясын сайлаумен қоса, қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес кiдiрiссiз банктiң басқару органын құруға мiндеттi. 
27. Ұлттық Банк мемлекет уәкiлдiк берiлген орган ретiнде банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды сату процедурасын банк акцияларына меншiк құқығының өтуiн қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады, қандай жағдайда болмасын банк мiндеттемелерi мен аталған құқықтардың соңғы сатып алушысы (иеленушiсi) не оның қатысушысы болып табылмайды. 
Банктiң немесе оның қатысушысының олардың бар мiндеттемелерi бойынша не банк қызметiнiң кемшiлiктерiнен туындайтын кез келген болуы мүмкiн жауапкершiлiгi Ұлттық банктiң осы Ережеде көрсетiлген мемлекеттiк қызметi мен өкiлдiгiн орындау фактiсiмен себептi байланыс бола алмайды. 
Бұл орайда Ұлттық Банк банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды сату туралы шешiм қабылдағанға дейiн де, қабылдағаннан кейiн де банктiң қатысушысы болып табылмайды немесе есептелмейдi. 
28. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды сату туралы жасалған шешiм жөнiнде Ұлттық банк 5 күн мерзiм iшiнде бұрынғы барлық қатысушыларды (акционерлердi) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi. 
29. Ұлттық Банктiң банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды сату бойынша iс-шаралар өткiзуге байланысты, оған тиiстi салық төлемдерi мен осы мәмiленiң басқа да болуы мүмкiн құқықтық салдарын қоса, барлық қаржы шығындары банктiң жаңа инвесторы (инвесторлары) есебiнен жүргiзiледi. 
IV. Ұлттық Банктiң банк акцияларын мәжбүрлеп сатып             алған кездегi банктi басқаруды ұйымдастыру,             Банк құжаттарын жаңа иесiне (инвесторға) беру. 
   Банк қызметiне бақылау жасаудың тәртiбi 
30. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi банкке кешiктiрмей мәлiмдейдi. Банктің қызмет iстеп тұрған басшылығы Ұлттық Банк Басқармасының осы мәселе бойынша қаулысымен қол қоя отырып танысулары тиiс. 
31. Банктiң бұрынғы басшы құрамы банктiң қалыпты қызмет iстеуiн қамтамасыз етуге және банктiң барлық құжаттарын, материалдары мен мүлкiн жаңадан құрылған инвесторға, Басқармаға белгiленген тәртiппен Ұлттық банктiң өкiлдерiн қатыстыра отырып кiдiрiссiз беруге мiндеттi. 
Банктiң бұрынғы қатысушыларынан құрылған Басқармасы жаңа инвестордан (инвесторлардан) құрылған банктiң тиiстi уәкiлеттi органына өз мiндеттерiн бергенге дейiн банктiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қабылдауға мiндеттi. 
32. Ұлттық Банкке есеп жүргiзу мен сақтау үшiн алғашқыда келiп 
түскен инвесторлардың ақшасы қажеттi құжаттары ресiмделе отырып банктiң 
корреспонденттiк шотына аударылуы тиiс.

      32-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
              1997.12.3
1. N 485  

 
  қаулысымен.
     
     33. Банк қызметiн бақылау мен қадағалауды оның қатысушыларының
жаңа құрамымен Ұлттық Банк жалпы тәртiппен банк жұмысындағы болуы
мүмкiн айрықша жағдайларды, банк акцияларын сатып алу-сату туралы
сияқты шарттың болуы ескере отырып жүзеге асырады.
     34. Егер инвестор ретiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi
немесе басқа мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық ұйымдар
қатысса, 10-14 тармақтарда көзделген талаптар Ұлттық Банктiң ұйғарымы
бойынша қолданылады.
     Ұлттық Банк
       Төрағасы
      
      
Полная версия
ИС BestProfi