1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жобасын әзiрлеу, бюджет процесiн одан әрi жетiлдiру, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттарды жұмсауды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 16 наурыздағы N 219
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарының қатысуымен мыналарды әзiрлесiн және ұсынсын:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 23 наурызына дейiн белгiленген нысан бойынша (1-қосымша) 2003 жылға дейiнгi кезеңге арналған бюджеттiк саясаттың бағыттары мен басымдықтарын (қажеттi есептеулермен және негiздемелермен бiрге), сондай-ақ 1999-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын және мемлекеттiк бағдарламалардың тiзбесiн;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген тiзбе бойынша 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын;
1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған индикативтiк жоспарының жобасын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 15 сәуiрiне дейiн оларға қатысты мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың санын оңтайландыру туралы ұсыныстарды;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 10 сәуiрiне дейiн 1999-2003 жылдарға арналған Мемлекеттiк қарыз алу бағдарламасын;
Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен және Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 15 сәуiрiне дейiн:
мемлекеттiк органдар үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып, 1999-2000 оқу жылдары жоғары және арнаулы орта оқу орындары бойынша мемлекеттiк тапсырыстың құрамына кiретiн мамандықтардың тiзбесiн;
мемлекеттiк меншiкте қалатын жоғары оқу орындарының тiзбесiн;
1999-2000 оқу жылдарынан бастап мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын мамандықтар бойынша студенттердiң саны туралы ақпарат;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн белгiленген нысан бойынша (2-қосымша), олардың iшiнен басымдықтарды бөлiп көрсете отырып, мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын бағдарламалардың тiзбесiн;
1998 жылдың 15 сәуiрiне дейiн:
1999 жылға арнап тоқсан-тоқсанға бөле отырып электр энергиясына, жылуға және басқа жа коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, аумақтық тұрғыда көлiк түрлерi бойынша, сондай-ақ тұтынушы топтары бойынша (шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, бюджеттiк ұйымдар және халық) жүк және жолаушылар тасымалына бағалар мен тарифтердiң деңгейiнiң болжамын;
мемлекеттiк борыштың лимиттерiн айқындауға және мемлекеттiк кепiлдiктер ұсынуға қажеттi алдағы 10 жылдық кезеңге арналған Қарыз алу бағдарламасының көрсеткiштерiн, сондай-ақ 1999 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасында оларды лимиттермен бiрге көрсету үшiн инвестициялық басымдықтарды;
облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша 1999 жылға арналған iшкi жалпы өнiмнiң номиналдық көлемiн және республика бойынша iшкi жалпы өнiмнiң құрылымын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген 1999 жылға арналған номенклатура бойынша тауарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) өндiрудiң және сатудың аймақтық тұрғыдағы көлемдерiн;
Полная версия