Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2013
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 410 және 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1234 Қаулысы.
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 412 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.02.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 410 қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде: 
3-тармақ "шетелдік іссапарларға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге шыққан кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: 
"7-1. Арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушы қол қойған орындалған жұмыстар актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді."; 
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: 
"Егер шақырушы тарап Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы лауазымды адамының қабылдаушы тарап аумағында болуына байланысты шығыстарды өзіне алған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тәуліктік шығыстарға қаражат бөлмейді."; 
10-тармақ "шетелдік іссапарларға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге шыққан кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын; 
"есепті бір ай" деген сөздер "үш жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын; 
1) тармақша "тұрғын үй-жай" деген сөздерден кейін ", оның ішінде баратын жерге кірер алдында болатын пункттерде" деген сөздермен толықтырылсын; 
2) тармақшада "билеттері" деген сөзден кейін "(арнайы рейстерді пайдаланған жағдайда талап етілмейді)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен (12.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.02.2008. № 108.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi