Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 720 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі бекітілсін.
2. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында деректер құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Полная версия
ИС BestProfi