«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2016
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 73 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысымен бекітілген
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды және салааралық үйлестiрудi iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – комиссия) – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықты жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері және өзге ұйымдар өкілдерінің қатысуымен уәкілетті орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі – тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде жұмсалған шығындар.
6) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға шарттық (бұдан әрі – шарт) негізде қызметтер көрсететін ұлттық даму институты.
4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу комиссияның оң ұсынымдарын есепке ала отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімнің (бұдан әрі – өтінім) негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2014 жылғы № 1262 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 № 242(28472) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Полная версия