"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 12.12.2018
Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 12.12.2018 жылғы № 804 Жарлығына сәйкес
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Металл ақша дизайнының тұжырымдамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 11 қарашадағы N 3745 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 452-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193 Жарлығымен бекітілген
Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң банкноттары мен монеталары дизайнының Тұжырымдамасы
1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң банкноттары мен монеталары дизайнының осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
2. Тұжырымдама ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң банкноттары мен монеталарының дизайнын (бұдан әрi - банкноттар мен монеталар дизайны) әзiрлеудiң негiзгi принциптерiн айқындайды.
3. Осы Тұжырымдамада пайдаланылатын ұғымдар:
1) инвестициялық монеталар - бағалы металдардан жасалған, инвестициялау, нақты құнынан ерекшеленетiн басқа құны бойынша кәде ретiнде жинау объектiсi болып табылатын монеталар. Инвестициялық монеталар нақты құны бойынша заңды төлем құралы болып табылады;
2) коллекциялық монеталар - оларды жасау кезiнде бұл монеталарға коллекциялау, нақты құнынан ерекшеленетiн басқа құны бойынша кәде ретiнде жинау үшiн қызығушылық туғызатын арнайы қасиеттер беретiн ақша соғудың күрделi технологиясы және/немесе көркем безендiру әдiстерi қолданылатын мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар. Коллекциялық монеталар нақты құны бойынша заңды төлем құралы болып табылады;
3) тезаврация - бағалы металдарды, монеталарды, банкноттарды олардың құнының өсуiн күте отырып кiрiс табу немесе болашақта пайда алу емес, жинақтау мақсатында айналыстан алу;
4) айналыстағы монеталар - жай металдар қорытпасынан жасалған, заңды төлем құралы болып табылатын және есеп айырысу мен ақша ұсақтау операциялары кезiнде қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
4. Банкноттар мен монеталар дизайны банкноттар мен монеталарды дайындау кезiнде оның дәл қайталану мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн банкноттар мен монеталар дизайнын әзiрлеу саласындағы соңғы жетiстiктер қолданыла отырып, жасалу сапасының жоғары көркемдiк және технологиялық деңгейiнде орындалуға тиiс.
5. Банкноттар мен монеталарды жасаған кезде денсаулыққа зияны жоқ материалдар пайдаланылуға тиiс.
6. Банкноттар мен монеталардың дизайнын және олардың номиналдық құнын Осы Тұжырымдаманың негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейдi.
7. Банкноттар мен монеталар дизайнының мiндеттi элементтерi:
1) ұлттық валютадағы номиналдың цифрмен белгiленуi;
2) есеп айырысу, сақтау және номиналын айқындау кезiнде ыңғайлы көлемi мен түсi;
3) банкноттарда дизайнның бекiтiлген жылы және монеталарда оның соғылған жылы;
4) түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер болып табылады.
8. Банкноттар мен монеталар дизайны мынадай бейнелердiң бiрiнен және/немесе бiрнешеуiнен тұруға тиiс:
1) мемлекеттiк нышандар;
2) қазақтың ою-өрнегi немесе оның құрамдас бөлiктерi;
3) Қазақстанның тарихына, мемлекеттілiгiне, саясатына, құқығына, экономикасына, ғылымына, бiлiмiне, мәдениетiне, өнерiне, спортына және дамуына үлес қосқан аса көрнектi қайраткерлердiң портреттерi;
4) Қазақстан аумағындағы бiрегей тарихи, географиялық орындардың және сәулет ескерткіштерiнiң көрiнiсi немесе олардың үзiктерi;
5) мемлекеттiк және халықаралық маңызы бар оқиғаларға арналған бейнелер;
6) Қазақстан флорасы мен фаунасының сирек кездесетiн түрлерi;
7) Қазақстанның тарихына, мемлекеттілiгiне, саясатына, құқығына, экономикасына, ғылымына, бiлiмiне, мәдениетiне, өнерiне, спортына, дамуына байланысты өзге де бейнелер.
9. Банкноттар мен монеталарда бейнеленген аса көрнектi қайраткерлердiң портреттерi қолда бар деректерiмен (тегi, аты, әкесiнiң аты және өмiр сүрген жылдары) қоса берiлуi тиiс. Аса көрнекті қайраткерлердің мерейтойлық даталарына арналған коллекциялық монеталарда портреттерімен қоса тегі және аты (немесе инициалы), туылған жылы және мерейтой жылы жазылады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығымен (25.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Бiрегей географиялық орындардың, сәулет ескерткiштерiнiң бейнелерi, флора мен фаунаның сирек кездесетiн үлгiлерi олардың атауларымен қоса берiлуге тиiс. Сәулет ескерткіштерiнiң бейнелерi тұрғызылған жылдарымен (ғасырымен) толықтырылады.
10. Банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығымен (25.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Шет тілінде ресімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді.
2. Банкноттар дизайнының ерекшелiктерi
11. Банкноттардың дизайны осы Тұжырымдаманың 1-бөлiмiндегi ережелерге сәйкес болуға тиiс.
12. Банкнот дизайнының бет жағында мынадай мәлiметтi қамтуға тиiс:
1) банкнот номиналының мемлекеттiк тiлдегi цифрлық және әрiптiк жазулары;
2) банкнотты қолдан жасағаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескертетiн мемлекеттiк тiлдегi жазу;
3) банкноттың көлденең және/немесе тiгiнен жазылған сериялық нөмiрi;
4) Мемлекеттiк тiлде "Қазақстан Ұлттық Банкi" деген жазу;
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығымен (25.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Банкнот дизайнының сырт жағында мынадай мәлiмет болуға тиiс:
1) банкнот номиналының орыс тiлiндегi цифрлық және әрiптiк жазулары;
2) банкнотты қолдан жасағаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескертетiн орыс тiлiндегi жазу.
13-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тұжырымдама 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығына сәйкес 13-1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 29.01.2014 жылғы № 743 Жарлығымен (26.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) 13-1-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 28.01.2016 жылғы № 185 Жарлығымен (29.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
14. Естелiк және мерекелiк банкноттар жалпы мемлекеттiк маңыздағы оқиғаларға ғана арнала алады.
3. Монеталар дизайнының ерекшелiктерi
15. Монеталар дизайны осы Тұжырымдаманың 1-бөлiмiндегi ережелерге сәйкес болуға тиiс.
16. Айналыстағы монеталар дизайны бiрыңғай дизайнерлік көркемдеу негiзiнде әзiрленедi. Айналыстағы монеталарда номиналы, мемлекеттiк нышан, соғылған жылы, "Қазақстан Республикасы" немесе "Қазақстан Ұлттық Банкi" деген жазулар болуы тиiс.
17. Танымдық мақсатта және ұлттық валютаны әйгiлеу үшiн айналыстағы монеталарда осы Тұжырымдаманың 7-тармағында көрсетiлген бейнелердi пайдалануға болады.
18. Коллекциялық және инвестициялық монеталар дизайны осы Тұжырымдаманың 7-тармағында көрсетiлген бейнелер пайдаланыла отырып жасалады.
19. Коллекциялық және инвестициялық монеталар дизайнында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Теңге сарайының логотиптерiн бейнелеуге және монеталар жасалған қорытпаны немесе металды, олардың салмағын көрсетуге болады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығымен (25.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
19-1. Коллекциялық және инвестициялық монеталардың дизайнында ұлттық валютаны шет елдерде танымал ету мақсатында дүниежүзілік тарихпен, жалпыәлемдік мәдениетпен, құндылықтармен және игілікпен байланысты бейнелерді пайдалануға жол беріледі.
Тұжырымдама 19-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 29.01.2014 жылғы № 743 Жарлығына сәйкес
20. Монеталардың көлемi мен қалыңдығы мүмкiндiгінше шет мемлекеттердiң аумағында айналыста жүрген монеталардың көлемiне және қалыңдығына сәйкес келмеуге тиiс.
20-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығымен (25.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
21. Коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, жасалу таралымын, қорытпасын немесе металын, шығарылу мерзiмдерi мен уақытын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды.
21-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығымен (25.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
22. Басқа елдердiң тапсырысы бойынша металдардан және қорытпалардан жасалатын коллекциялық монеталар соғу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қабылдайды.
22-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы № 624 Жарлығымен (25.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия

