"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі заңын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 14 мамырдағы N 316 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4707 болып енгізілді
тақырып өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2010 № 443 Бұйрығымен (15.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берілген:
1) Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесі;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Бұйрығымен) (15.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(алынып тасталдыҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2010 № 443 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз 1-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2010 № 443 Бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті (А.А. Буць) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы N 316 бұйрығымен бекітілген
Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесі 1. Жалпы ереже
1. Егістіктің жойылған алқаптарын анықтаудың осы әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының басталу нәтижесінде сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымданған немесе жойылған алқаптарын анықтау әдістерін белгілейді.
2. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жойылған алқаптарын анықтаудың әдістері
2. Дәнді дақылдар егістігінің (жаздық бидай, күздік бидай, жаздық арпа, күздік арпа, сұлы, тары, қарақұмық, күздік қара бидай) тар қатарлап, тұтас, қатарлап (қатарлардың ара қашықтағы 25 сантиметр), тоғыстырма және шашып себу әдістерімен сепкенде зақымданғанын немесе жойылғанын анықтау үшін көлемі 50х50 сантиметр алаңқайдағы өсімдіктердің барлық сандарын және қолайсыз табиғат құбылыстарынан зақымданған өсімдіктерінің сандарын есептейді. Төрт рет қайталанған барлық өсімдіктер санының қосындысы 1 шаршы метрдегі өсімдіктердің орналасу тығыздығын көрсетеді. Қолайсыз табиғат құбылыстарынан зақымданған өсімдіктерінің санын пайызбен көрсетуді 1 шаршы метрдегі зақымданған барлық өсімдіктердің 100-ге көбейтілген қосындысын 1 шаршы метрдегі өсімдіктердің орналасу тығыздығына бөлу арқылы айқындайды. Егістердің зақымданған немесе жойылған алқаптарын танап көлемін қолайсыз табиғат құбылыстарынан зақымданған өсімдіктерінің пайызына көбейту арқылы айқындайды.
Алаңды таңдау үшін жақтарының ұзындығы 50 сантиметр болатын шаршы рама қолданылады. Раманы оның диагональдарының біреуі (қатарлап немесе тар қатарлап себуде) қатарлардың біреуінің бағытымен сәйкес келетіндей етіп орналастырады. Раманың бұрыштарына жіңішке таяқшалар қағады. Топырақ бетіндегі олардың биіктігі 15-20 сантиметрден кем болмау керек. Өсімдіктерді санауды жеңілдету үшін топырақ бетінен 2-3 сантиметр биіктікте таяқшаларға шаршы кескіндейтін кендір немесе мықты жіп кереді. Содан кейін шаршының дұрыс орналасқандығын тексереді: барлық бұрыштары тік және екі диагоналі өзара тең, әрбір жағы 50 сантиметрге тең болуы қажет.
Шаршының таңдап алынған алаңының стандарттан сәл ауытқуына жол беріледі (0,25 шаршы метр). Шаршыны дұрыс орналастырған кезде (әрбір бұрыш 90 о -қа тең) кендірмен (жіппен) кескінделген шаршының барлық жағының қосындысы 200 + 2 сантиметрге тең болуы керек. Егер өлшеп болғаннан кейін ол 198 сантиметрден кем немесе 202 сантиметрден үлкен болатын болса, онда шаршы дұрыс орналастырылмаған болады. Таяқшаларды суырып алып, оның жақтары мен диагональдарын өлшей отырып, шаршыны қайтадан орналастырады.
3. Дәнді дақылдарды суыртпақтап себу әдісімен, дәнді бұршақ дақылдарын (бұршақ, аңқа) егіс қатарларының ара қашықтығы 25 сантиметрден артық болатын қатарлап себу әдісімен сепкенде зақымданғанын немесе жойылғанын анықтау үшін ұзындығы 1 метр болатын қатардағы өсімдіктерді санауды төрт рет қайталау арқылы жүргізеді. Әрбір қайталаудағы қатар орналасқан екі қатардан әрқайсысы 0,5 метр болатын екі бөлікті осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес сызба бойынша таңдап алады және таяқшалармен бекітеді. Таяқшалардың ара қашықтығы 1 сантиметрге дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
1 метрдегі қатарлардың орташа санын есептеу үшін 10 метрлік өлшеу лентасы пайдаланылады. Оны қатарларға көлденең етіп тартады. Қатар арақашықтығының ортасынан (суыртпақтап сепкенде - кең қатар арақашықтығының ортасынан) нөлдік белгі орнатып, оны таяқшамен белгілейді. Содан кейін екінші таяқшамен лентадағы белгіге 5 метрге жақын қатар арақашықтығының ортасын (суыртпақтап сепкенде - кең қатар арақашықтығының ортасын) белгілейді және таяқшалардың ара қашықтығын 1 сантиметрге дейінгі дәлдікпен өлшенеді. Одан кейін өлшенген бөлікті қиятын қатарлардың (жолақтардың) санын есептейді. Таяқшалардың арасында орналасқан қатарлардың (жолақтардың) санын олардың арасындағы қашықтыққа бөліп, 1 метрге келетін қатарлардың санын 0,1 дәлдікпен табады. 1 метрге келетін қатарлардың санын анықтауды бақылау аумағының кез-келген жерінде жүргізеді.
1 шаршы метрдегі өсімдіктердің тығыздық күйін 1 метрлік бөліктегі өсімдіктердің орташа санын 1 метрдегі қатарлардың санына көбейту арқылы анықтайды. Пайызбен берілген жойылған немесе қолайсыз табиғат құбылыстарынан зақымданған өсімдіктердің санын 100-ге көбейтілген 1 шаршы метрдегі барлық зақымданған өсімдіктердің қосындысын 1 шаршы метрдегі өсімдіктердің тығыздық күйіне бөлу арқылы анықтайды. Егістердің зақымданған немесе жойылған алқаптарын танап көлемін қолайсыз табиғат құбылыстарынан зақымданған өсімдіктерінің пайызына көбейту арқылы анықтайды.
Мысал: Егер 4 метрлік бөліктердегі өсімдіктердің жалпы саны 55+45+44+56=200, ал 4,8 метрлік бөлікте 22 қатар (11 лента) болса, 3 жапырақты фазада екі қатарлап себу кезіндегі тарының орналасу тығыздығын анықтау керек.
Метрлік бөліктегі өсімдіктердің орташа саны (200:4=50). Метрлік бөліктегі қатарлардың орташа саны 22:4,8=4,6). Орналасу тығыздығы 50х4,6 = 230 өсімдік 1 шаршы метрге.
Полная версия