Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2019
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1326 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін. 
2. "Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы N 1075 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 31 желтоқсандағы
 N 1326 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану
 келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол
 келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары
 қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі
 
Р/с N Салық төлеуші
1 "Маерск Ойл ГмбХ" компаниясының қазақстандық филиалы
2 "АДЖИП ККО" компаниясының қазақстандық филиалы
3 "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны
4 "Жамбай" ЖШС
Полная версия
ИС BestProfi