Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2011
Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 31.03.2011 № 335 Қаулысымен. (25.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 25.03.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекет қаржысын үнемдеу режимiн күшейту және қызмет телефондарын пайдалануды ретке келтiру, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған қолда бар өндiрiстiк үй-жайлар қорын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына - бес таңбалы нөмірі бар телефондарды; 
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси мемлекеттік қызметшілеріне; ведомстволардың басшыларына - үкіметтік АТС-тың (ҮАТС) төрт таңбалы нөмірі бар телефондарын; 
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); ведомстволардың басшыларына, олардың орынбасарларына; департаменттердің басшыларына, олардың орынбасарларына; басқармалардың бастықтарына, олардың орынбасарларына (заңнамаға сәйкес осындай лауазым болғанда) - республика ішінде қалааралық байланысты; 
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға), ведомстволардың басшыларына - ТМД елдерімен халықаралық байланысты; 
Үкімет мүшелеріне - алыс шет елдермен халықаралық байланысты пайдалану құқығы берілсін. 
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 25.03.2008 № 283 Қаулысымен. (03.10.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың әкiмдерiне республика iшiнде қалааралық байланысты пайдалану құқығымен (халықаралық байланысқа шығу құқығынсыз) пәтерлерiнде қызмет телефонын орнату құқығы берiлсiн.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi қызмет телефондары жөнiнде тиiстi шешiмдер қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қызмет телефондарына түгендеу жүргiзiп, оларды осы қаулыда белгiленген нормаларға сәйкестендiрсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне атқарылған жұмыс туралы 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ақпарат берсiн.
5. Мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормалары бекiтiлсiн (N 1 қосымша).  
Аталған нормативтер мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған жаңа объектiлердi жобалау мен салу кезiнде мiндеттi болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде қызметтiк үй-жайларға түгендеу жүргiзсiн және жекелеген министрлiктер мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды олардың штат кестесiне қарай қайта орналастыру жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi министрлiктер мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды ұстауға арналған шығыстарды осы қаулыда белгiленген қызмет телефондарына арналған нормалар мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормативтерiне сәйкес қарастырсын.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi мемлекеттiк органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын.
   Мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға  
                            арналған алаңдардың  
                             Уақытша нормалары  
 ___________________________________________________________________             1                    |       2       |      3 
1. Қызметкерлердiң бөлмелерi,       7,5 ш.м./адам    6,8 ш.м./адам 
2. Конференц зал (акт залы және     0,7 ш.м./адам    0,7 ш.м./адам 
2-тармақ бойынша жиынтығы:       192 ш.м.         206 ш.м.
9. Қызмет көрсетушi құрамның        8 ш.м.           8 ш.м. 
13.Көшiру-көбейту қызметi       18 ш.м.+ 12 ш.м.  18 ш.м.+ 20 ш.м.
18.Қосалқы үй-жайлар (дәлiздер,     Жиынтығының      Жиынтығының 
Мемлекеттiк басқару органдарын ғимараттарға орналастыру кезiнде жоғарыда көрсетiлген нормативтерден ауытқу болған жағдайда орналастырудың немесе объектiлердiң жоспарлануын өзгертудiң және қайта жаңартудың орындылығын Меммүлiккомы мен Құрылысминiнiң жұмыс комиссиясы техникалық-экономикалық есептеулер негiзiнде айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi