Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1458 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы | 1 | 2600 | ||
Президенттiң көмекшiсi-Қауiпсiз дiк Кеңесiнiң хатшысы | 1 | 2600 | ||||
Президенттiң көмекшiсi | 1 | 2600 | ||||
Жоғарғы Сот Кеңесiнiң Төрағасы | 1 | 2000 | ||||
Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
Президент Кеңсесiнiң бастығы | 1 | 2600 | ||||
Президенттiң Баспасөз хатшысы | 1 | 2600 | ||||
Президенттiң Протокол бастығы | 1 | 2600 | ||||
Президенттiң Парламенттегi өкiлдiгiнiң басшысы | 1 | 2000 | ||||
Астана қаласында көлiктiк қызмет көрсету | 16********* | 1********* | 2600 | |||
Алматы қаласында | 1********* | 6********* | 2600 | |||
Қонақтарға арналған | 25 | *** |
»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұражайы» үшін - 2 бiрлiк, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұрағаты» мемлекеттік мекемелері үшін - 2 бiрлiк»;
2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген бөлімнің «Автомобильдердің шекті саны» деген кестесіндегі «Астана қаласы бойынша 10» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы бойынша 11».
2. Осы қаулы, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия