Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының Премьеp-Министрi Кеңсесiнің "Ақпараттық қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435 қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi;
2) Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қaулыны іске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.06.2004. № 604 қаулысымен. (08.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (01.06.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия