Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 147 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті» деген кіші бөлімде:
 
Көліктегі орталық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті
2
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі
департаменті
4
 
Батыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 1
» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 1
 
Оңтүстік-Шығыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 4
» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
4
 
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері үшін Қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 300 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес
» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстардың және Алматы қаласының департаменттері үшін қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 300 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес
 
Солтүстік-Батыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 2
Оңтүстік-Шығыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 1
» деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
 
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті үшін қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 200 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi