Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 743 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнайы су көлігінің тиесілілiк табелінде: 
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi" деген бөлiмде: 
"Жамбыл" және "Маңғыстау" деген жолдардағы тиiсiнше "1" және "2" деген сандар алынып тасталсын; 
"Қарағанды" және "Павлодар" деген жолдар тиiсiнше "1" және "2" деген сандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi