Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 және 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 890 Қаулысы
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
"Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыратын қарыз алушыларды таңдау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына Парламент депутаттары, партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және "ҚазАгро" холдингі мен оның еншілес ұйымдарының өкілдері және басқалар кіретін қоғамдық комиссиялар құрылатын болады.
Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарызға алынған, 2009 - 2010 жылдары инвестициялық жобаларды іске асыруға уақытша тартылмаған (рәсімдік және технологиялық себептерге байланысты) ақшалай қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен астық сатып алу, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін, оның ішінде көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру арқылы қаржыландыруға және ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жүзеге асыру арқылы кейіннен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға бағытталатын болады.
Бұл ретте "ҚазАгро" холдингі 2009 - 2010 жылдар ішінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің көрсетілген қаражатты инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру үшін кезең-кезеңімен қайтаруын қамтамасыз етуі тиіс.";
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен астық сатып алу агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне, оның ішінде көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге және ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жүзеге асыру жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кейіннен қаржыландыруға кредит беру арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарызға алынған және инвестициялық жобаларды іске асыруға уақытша тартылмаған қаражат есебінен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру