Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2014
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1275 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 854 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы 22-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 30 қарашадағы
 N 1275 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлімшелерінің тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi
Қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi: 
Төрағаның орынбасарлары, департаменттер бастықтары мен олардың орынбасарлары, басқармалар (жеке, департаменттер құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiм, бөлiмшелер (департамент, басқарма құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, аға инспекторлар, аға тергеушiлер, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, жүргiзушi қызметкерлер. 
Департаменттер бастықтары мен олардың жедел жұмыс, тергеу жұмысы, кадр және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi орынбасарлары, басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмдер (жеке, басқармалар құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмшелер (жеке, бөлiмдер құрамындағы) бастықтары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, анықтау аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспектор - департамент бастығының режим жөнiндегi көмекшiсi, арттехқару аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлары, аға тергеушiлер, аға инспекторлар, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, арттехқару аға инспекторлары, анықтау аға инспекторлары, тергеушiлер, инспекторлар, анықтау инспекторлары, инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, кiшi инспекторлар мен жүргiзушi қызметкерлер. 
Қаржылық қылмыстарды анықтау жөнiндегi аймақаралық басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, аймақтар бойынша қаржы полициясы басқармаларының бастықтары мен олардың жедел және тергеу жұмысы жөнiндегi орынбасарлары, ауданаралық қаржы полициясы басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, қалалар мен аудандар бойынша қаржы полициясы бөлiмдерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, анықтау аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлары, аға тергеушiлер, аға инспекторлар, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, анықтау аға инспекторлары, тергеушiлер, инспекторлар, анықтау инспекторлары, инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, кiшi инспекторлар мен жүргiзушi қызметкерлер. 
Департаменттер бастықтары мен олардың жедел жұмыс, тергеу, кадр және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi орынбасарлары, басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмдер (жеке, басқармалар құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмшелер (жеке, бөлiмдер құрамындағы) бастықтары, аймақаралық басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, аймақаралық және ауданаралық бөлiмдер бастықтары мен олардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, анықтау аса маңызды істер жөнiндегi аға инспекторлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар - департамент бастығының режим жөнiндегi көмекшiлерi, аға тергеушiлер, аға инспекторлар, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, анықтау аға инспекторлары, тергеушiлер, инспекторлар, анықтау инспекторлары, инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, кiшi инспекторлар мен жүргiзушi қызметкерлер.
Полная версия
ИС BestProfi