Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығына сәйкес
Редакция 01.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi