«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2014
Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 469 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8223 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 27.03.2014 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, барлауды, өндіруді жүргізу немесе барлауға немесе өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және немесе пайдалану үшін берілген жер қойнауын пайдалану учаскелеріне сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті(Е.И. Жақатаев) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице–министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі А. Исекешев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 469 бұйрығына 1-қосымша
«Көмiрсутек шикiзатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Көмiрсутек шикiзатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызметтің осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
2. «Көмiрсутек шикiзатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі – автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет:
Полная версия