Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 18.01.2016
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1534 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту жөнiнде" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 121 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2925
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту жөнiнде" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 121 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1534 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 18 маусымда - 1 шiлдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiнiң:
мәтiнi бойынша "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
6-8, 11-13, 17, 19, 21-тармақтар алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкiлеттi орган:
1) сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкiнiң кепiл шарттарының тiзiлiмiн;
2) сақтандыру ұйымдарының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн;
3) сақтандыру ұйымдарының бiрлескен қызметi туралы шарттардың тiзiлiмiн жүргiзедi.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сақтандыру ұйымы қосымша мiндеттемелер туралы шартты жасағаннан кейiн бес күндiк мерзiмде уәкiлеттi органды мәмiленiң жасалғандығы туралы хабардар етедi және тиiстi шарттардың көшiрмелерiн тiзiлiмге енгiзу үшiн ұсынады.
Сақтандыру ұйымы бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу үшiн ол жасалған күннен бастап он күн iшiнде уәкiлеттi органға хабарландыруды, шарттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.
Уәкiлеттi органның стратегия және талдау бөлiмшесi басшысының (басшы орынбасарының) қолы қойылған бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiсi шарт түпнұсқасының соңғы бетiне қойылады әрi ол осы Ереженiң Қосымшасына сәйкес ресiмделiп, сақтандыру ұйымына қайтарылады.
Уәкiлеттi орган қажет болған жағдайда сақтандыру ұйымынан шарттардың тiзiлiмiн Ережеге сәйкес жүргiзу үшiн қажеттi басқа да қосымша мәлiметтердi сұратады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қосымша мiндеттемелер немесе бiрлескен қызмет туралы шарттар жөнiндегi ақпарат уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап бес күндiк мерзiмде тiзiлiмге енгiзiледi.";
Мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiне қосымша
"___" _________ 200___ж. N ______ ________________________________
___________________________________________________________ шартын
(шарттың атауы)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi "___" ____________ 200___ж.
N тiркедi.
Уәкiлеттi органның стратегия
және талдау бөлiмшесiнiң
басшысы (оның орынбасары)
___________________________
(Аты-жөнi)
___________________________
(Қолы)
"___" ____________ 200___ж.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.
Төраға
Полная версия