1-қосымшада:
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2016
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 208 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4931 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 11 маусымнан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3841 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
85. | Заемшылардың - заңды тұлғалардың кредиттік досьелері | 10 жыл* | 10 жыл* | *шарт бойынша барлық міндет- темелерді орын- дағаннан кейін және оның қол- данылу мерзімі аяқталғаннан кейін |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 85-1 жолмен толықтырылсын:
"
85-1. | Заемшылардың - жеке тұлғалардың кредиттік досьелері | 10 жыл* | 10 жыл* | *шарт бойынша барлық міндет- темелерді орын- дағаннан кейін және оның қол- данылу мерзімі аяқталғаннан кейін |
";
реттік нөмірі 236-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
236. | Салымшылардың шоттары бой- ынша құжаттар (хат жазысу, шарттар, салым кітапшалары, салымшылардың өсиеттері және сенімхаттары, салымшы- ның қол қою үлгісі, шот ашуға өтініш) | тұрақты | тұрақты |
".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Р.Е. Раева):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағаттар комитеті
Төраға
2007 жылғы 17 тамыз
_____________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
2007 жылғы 16 тамыз
______________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Полная версия