Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2014
Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту және "Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 391 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 07 желтоқсанда № 8135 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 17.03.2014 жылдан бастап ҚР Әділет министрінің 30.01.2014 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру туралы» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7127 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы № 10, 410-құжат, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы № 11,411-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы К.Т. Ноғайбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бастапқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2012 жылғы 29 қарашадағы
 № 391 бұйрығына
 1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi