Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы
Осы редакция 04.03.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілсін:
1) "Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру";
2) "Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу";
3) "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу";
4) "Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу";
5) "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу";
6) "Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 қаулысымен бекітілген
"Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — стандарт) шағын өлшемді кемелерді басқару құдығына куәлік беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының, "Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 618 нөмірмен тіркелген) N 172 бұйрығымен бекітілген Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
Полная версия