Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 231 Қаулысымен (29.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 05.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 231 (29.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:
1) "Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру";
2) "Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу";
3) "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу";
4) "Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу";
5) "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу";
6) "Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу".
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 231 Қаулысымен (29.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 29 қазандағы
 N 1710 қаулысымен
 бекітілген
"Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру"
 мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.03.2011 № 231 (29.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының, «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы № 172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 618 нөмірмен тіркелген) бекітілген Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжай бойынша орналастырылған.
Полная версия
ИС BestProfi