Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 наурыз N 359
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1-тармақтағы "және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативінде:
     
атауындағы "және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының" деген сөздер алынып тасталсын;
     
6-баған "1 айға 1 бірл. арн. шығыстар норм. (теңге)" алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi