Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 839 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінде:
реттік нөмірі 6-жолда:
3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Есеп комитеті Аппаратының басшысы";
4-баған "1" деген санмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия