«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (28.05.2002 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (28.05.2002 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын (бұдан әрі – Қор) құру, толықтыру, сақтауды ұйымдастыру және есебін жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
3. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және олар жоғалған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығын білдіреді.
4. Қор айрықша кезеңде немесе бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құжаттардың түпнұсқалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда ақпаратты сақтау және пайдалану үшін құрылады.
5. Қор мемлекет меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органының қарауында болады.
6. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мемлекеттік архивтері, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары, арнайы мемлекеттік архивтер, мемлекеттік кітапханалар, музейлер құжаттарының сақтандыру көшірмелері Қорды қалыптастыру негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, арнайы экономикалық аймақтар әкімшілік кеңестерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шетелдердегі, ведомстволық архивтері Қорды толықтыру көздері болып табылады.
Қор жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі құжаттардың сақтандыру көшірмелерін мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға беру, сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу жолымен толықтырылуы да мүмкін.
7. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері сақтық көшірме жасау үшін құжаттарды іріктеуді, құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындауды және олардың түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Сақтандыру көшірмелерін жасауға жатқызылған құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы айқындайды.
8. Сақтандыру көшірмелерін дайындау технологиясын, оларды сақтау режимін Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік-техникалық құжаттар жүйесі негізінде белгілейді.
9. Мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттардың сақтандыру көшірмелерін есепке алу, сақтау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
10. Қордың құрамына мыналардың шағын фото көшірмелері (шағын фильмдер, шағын фишалар) және басқа да ұзақ сақталатын көздерде орындалған шағын нысандары кіреді:
2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнайы құжаттамалар;
11. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде құжаттардың сақтандыру көшірмелерін сақтау тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қорға қол сұғуға болмайды және ол сақтандыру көшірмелері жасалған құжаттардың түпнұсқаларынан бөлек сақталады.
13. Мамандандырылған мемлекеттік қоймалар туралы ережені Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы бекітеді.
14. Қордың есебін Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін ережеге сәйкес мыналар жүргізеді:
15. Қорды орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
16. Қорды құру және толықтыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы үйлестіреді.