Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.03.2022
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі N 367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 208 қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.03.2022 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн: 
1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде: 
5-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Комиссияның құзыретiне енетiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминологиялық секциялардың ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс топтарын құру"; 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қасейiнов                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Омаров                       - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Бауыржан Жұмаханұлы            министрлiгi Тiлдердi дамыту жөнiндегi                                  департаментiнiң директоры, хатшы
Айымбетов                    - Қазақстан Республикасының Парламентi 
Мәди                           Сенатының Аппараты Редакциялау,                                  аударма және актiлер шығару                                  бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім                                  бойынша)
Айтбайұлы                    - Қазақстан Республикасы Бiлiм және   Өмiрзақ                        ғылым министрлiгiнiң "А.Байтұрсынов                                  атындағы Тiл бiлiмi институты"                                  республикалық мемлекеттiк қазыналық                                  кәсiпорны жанындағы Терминологиялық                                  орталықтың директоры
Қалиев                       - Қазақстан Республикасы Бiлiм және   Байынқол Қалиұлы               ғылым министрлiгiнiң Абылайхан                                  атындағы Қазақ мемлекеттiк әлем                                  тiлдерi университетiнiң профессоры
Серғалиев                    - Қазақстан Республикасы Бiлiм және   Мырзатай Серғалиұлы            ғылым министрлiгінiң Л.Гумилев                                  атындағы Еуразия ұлттық                                  университетiнiң қазақ тiл бiлiмi                                  кафедрасының меңгерушiсi мына:
"Хұсайын                     - Қазақстан Республикасының Бiлiм және   Көбей Шахметұлы                ғылым министрлiгi А. Байтұрсынов                                  атындағы Тiл бiлiмi институтының                                  директоры, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Хұсайын                     - Қазақстан Республикасы Бiлiм және   Көбей Шахметұлы                ғылым министрлiгiнiң "А. Байтұрсынов                                  атындағы Тiл бiлiмi институты"                                  республикалық мемлекеттiк қазыналық                                  кәсiпорнының директоры, төрағаның                                  орынбасары";
көрсетiлген құрамнан: Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы, Абдрахманов Сауытбек, Сейдiмбек Ақселеу, Бодаубаев Болат Қамиұлы, Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi