Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 26 мамырдағы 1993 ж. N 434 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:  
1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.  
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2000. № 1378
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды   жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.     
Қазақстан Республикасы
 Министрлер Кабинетiнiң
 1993 жылғы 26 мамырдағы
 N 434 қаулысымен
 Бекiтiлген
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың Тiзбесi
Полная версия
ИС BestProfi