Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.09.2015
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1937 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 02.09.2015 жылғы № 735 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 01.04.2015 жылғы № 194 Бұйрығын қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы N 997 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 425-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 26 қарашадағы
 N 1937 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі
10. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар
Полная версия
ИС BestProfi