Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және іске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337 қаулысы
Редакция 25.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының шеңберiнде жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2006 жылғы № 568 Қаулысымен (21.12.2002 ж. редакцияны қараңыз) 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.05.2007 жылғы № 412 Қаулысымен (21.06.2006 ж. редакцияны қараңыз) 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.09.2007 жылғы № 800 Қаулысымен (23.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2010 жылғы № 851 Қаулысымен (13.09.2007 ж. редакцияны қараңыз) 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.07.2014 жылғы № 840 Қаулысымен (31.08.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1079 Қаулысымен (29.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 488 Қаулысына сәйкес (09.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.01.2017 жылғы № 14 Қаулысына сәйкес (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi